Алматыда мереке күндері бірқалыпты өтті

АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Тәуелсіздік күні мейрамы тойланған күндер бірқалыпты, тыныш өтті.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар бойынша қалалық департаменттің бастығы Бауыржан Ысқақов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Оның сөзіне қарағанда, "Рамстор" гипермаркетінде болған кішігірім өрттен басқа Алматыда басқа оқыс оқиға орын алмаған. "Қалада өткен біршама мерекелік шараларға қарамастан ешқандай төтенше жағдайлар болған жоқ. Бұған көптеген қалалық қызметтердің қалтқысыз еңбектерінің арқасында қол жетті деп білемін", - деді ол.