«Наурыз мерекесіне орай 21 және 22 наурызда қаладағы барлық тротуарлық тұрақтар тегін болады. Алаңдағы тұрақтар бұрынғы режимде жұмыс істейді. Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге бейбітшілік пен өркендеу тілейміз»,- деп хабарлады A-Parking баспасөз қызметі.
Еске салайық, Қазақстан халқы бүгін Самарқанның көк тасы жібіген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлап жатыр.
Алматыда Наурыз мерекесі аясында қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шара өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарын отандық әртістердің концерттері, ұлттық жарыстар, театр қойылымдары мен шоулар күтеді.