Алаңға бірнеше мыңдаған адам, соның ішінде бірлестік өкілдері, қала жастары, еріктілер жиналды. Жиналған халықтың алдында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетіп жатыр.
Мерекелік іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланып отыр. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, бірнеше нысанды аралады. Атап айтқанда, Президент Алматыдағы инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысы «Бақытты отбасы» ана орталығына, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды.
Автор: Данияр Дауталиев