Алматыда Мерседес пен Митсубиси соқтығысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Сәтбаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында Мерседес жеңіл көлігі мен жол талғамайтын Митсубиси көлігі соқтығысып қалды.

 
Мерседес көлігінің жүргізушісі Темірлан есімді жігіттің айтуынша, ол күнбатыс жақтан келе жатып, Масанчи көшесіне солға қарай бұрылмақ болған. Бағдаршамның жасыл белгісі жанып тұрғанда, қарсы беттегі көлік тезірек бұрылып кетуін сұраған. Алайда,  ар жағында келе жатқан Митсубиси көлігі оның оң жағынан қағып, жол жетіндегі бетон цилиндрге егілген гүлзарға дейін сүріп кеткен.

 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Жедел жәрдем келді. Жол-көлік апатынан адамдар зардап шеккен жоқ.