Алматыда Мерседес жүк көлігі өртенді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда Мерседес жүк көлігі толық өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай 10-шағынауданда болған.
 

Көлік иесі темір тұлпарын оталдырып үйіне кіріп кеткен. Бірнеше минуттан соң көлігінің өртеніп жатқанын көреді. Жүргізуші өртті өзі сөндіре алмаған соң өрт сөндірушілерді шақырған.
  

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтады. Олар келгенше көліктің мотор бөлігі мен салоны жартылай жанып кеткен.
 

Соңғы жаңалықтар