АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Күдікті бір ай бойы Наурызбай ауданындағы мешітте адамдардың жеке заттарын ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Анықталғандай, күдікті Д. 1992 жылы туған. Ол мешітке намаз кезінде келген. Ыңғайлы сәтте мешітке келушілердің сыртқы киімінің қалталарын ақтарып, ақшаларын ұрлап жүрген»,– дейді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Күдіктіге қатысты ҚРҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.