«Биыл метро құрылысы бойынша бұрынғыдан көбірек қаражат алдық. Үкімет бізді қолдады. Құрылысты жүргізу үшін 20 миллиард теңгедей бөлінді. Соңына дейін барамыз. Алда 4 станса бар, 2 станса қаражатпен қамтылды. Алдағы екі түпкі станса келешекте салынады», - деді әкім ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Әкім метроның бюджет есебінен салынып жатқанын атап өтті.
Еске сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев Алматы мектептеріндегі орын тапшылығын қалай реттейтінін айтып берген болатын.