Алматыда метро мен жол айрықтарының құрылысы жалғасуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімідігі жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған жобалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта «Достық» және «Сарыарқа» метро стансасының желілері салынуда. Оған 250 жұмысшы тартылған. Сонымен қатар, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жол айрығының құрылысы жүріп жатыр. Оған 53 жұмысшы жұмылдырылды. Ал Абай даңғылын ұзартуға 20 жұмысшы тартылған. Алатау ауданындағы жаңа жолдардың құрылысына 115 жұмысшы ат салысып жатыр:

Шаңырақ-2, ұзындығы - 10,9 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың тамыз айы, қамту - 18440 тұрғын;- Әйгерім-1, ұзындығы - 6 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың мамыр айы, қамту - 10300 тұрғын;- Ұлжан-1, ұзындығы - 12,6 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың қазан айы, қамту - 8000 тұрғын;- Трудовик, ұзындығы - 18,2 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың қараша айы, қамту - 6000 тұрғын; Әйгерім-2, ұзындығы 6 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың қыркүйек айы, қамту - 12,600 тұрғын.

Жол жөндеу жүмыстарына 105 жұмысшы бар 10 бригада жұмылдырылды.

«Жұмысшылардың санитарлық-қорғаныс шараларын сақтау үшін жөндеу-құрылыс жұмыстарының барлық қатысушылары маскалармен, сондай-ақ антисептикалық заттармен қамтамасыз етілген.Осы жылдың соңына дейін Алатау ауданының 7 шағынауданында ұзындығы 84 шақырым болатын жаңа жолдың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар ұзындығы 67,4 шақырым болатын 18 шағынауданда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 5 мөлтек ауданда: «Самғау», «Өжет», «Шаңырақ-5», «Алғабас», «Шапағатта» жаңа жолдың күрделі құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтау мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған»,–деп хабарлады қалалық әкімдік.