«Метрополитен» МККхабарлағандай, қаладағы электр қуаты мәселесі реттелген соң ғана жолаушыларпойыздарға кіреді.
«Вагондарда қазірешкім жоқ. Оқыс жағдай болмас үшін метрода жолаушыларды тасымалдау тоқтатылды.Метро тек электр энергиясы іске қосылған соң ғана толық істейді», - деді«Метрополитен» МКК баспасөз қызметінен.
Айта кету керек,бүгін сағат 14:14-де «Алматыэнергосбыт» АҚ-ның ЖЭС-2 стансасында ақау шықты. Соныңкесірінен қаланың көп бөлігі электр қуатынсыз қалды.
Қала әкімдігібарлық аудандар кешкі сағат 17:00-де электр энергиясына толық қосылатын боладыдеп сендірді.