«4 шілдеден бастап Алматыда аптап ыстық болады. Ауа температурасы 34-36 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. 9 шілдеге дейін 38 градусқа жетуі мүмкін. Кей күндері температура 30 грдусқа дейін жоғарлайды. 6 шілде күні өткінші жауын жауады», - деді «Казгидромет» РМК синоптиктері.
Айта кету керек, Алматыда жаз басталғалы бері термометр бағандары максимум 37 градусқа дейін көтерілген болатын. Әуежай аймағында ауа температурасы 38 градусқа дейін жетті.