Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес ұйымының Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылы медициналық көмек пакетінің кепілдендірілген көлемі аясында 2,5 млрд тенге 407 мың ПТР тест өткізілді. Міндетті медициналық сақтандыру бойынша 3,8 млрд сомаға 633 ПТР анализі жасалды Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады», - деді спикер.
Оның айтуыша, сақтандыру - халықтың денсаулыққа жұмсайтын шығынын қысқартуға бағытталған реформа.
Мәселен, МӘМС іске қосылғалы бері бұрын азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастады.
Бұған дейін дәрігерлер емханаларында ПТР-тестті кімдер тегін тапсыра алатынын айтқан.