Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері өздерінің ақырғы дайындықтарын көрсетіп, қарсыластарымен алғаш рет бетпе-бет келеді.
«ALASH PRIDE - АСВ» ММА турниріндегі басты жекпе-жек 9 қыркүйекте Арман «Сұңқар» Оспанов пен бразилиялық Тьяго «Manchinha» Луис Силва арасында өтеді.
Арман Оспанов кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесу өткізіп, барлығында айқын жеңген. Оның қарсыласы ТьягоЛуис Силва (12-5) бразильдік джиу-джитсудан қара белбеу иегері және «Shooto Brasil» ұйымының әлем чемпионы.
Сонымен қатар, Қазақстан атынан «Alash Pride FC» өкілдері - Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен Игорь Свирид айқасқа түспек.