АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ғани Мырзаханов қаласы қалалық мобильділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы қаласы әкімінің өкіміне сәйкес Ғани Әуезханұлы Мырзаханов Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды»,- деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Ғани Мырзаханов бұл лауазымға өткен жылдың мамыр айында тағайындалған болатын.
Ол 2008 жылдан бері жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, 2016 жылдан бастап «Алматы тазалық» кәсіпорнының басшысы қызметтерін атқарған.
Фото : gov.kz
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.