Алматыда муай-тайдан ашық біріншілік өтті

None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда муай-тайдан қаланың ашық біріншілігі аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Муай-тай федерациясының вице-президенті Фархат Аманқұлов бастаған төрешілердің қазылығымен өткен дәстүрлі бұл жарысқа биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 245 спортшы қатысқан болатын. Командалық есепте Алматы қаласы бірінші, Павлодар облысы екінші, Атырау облысы үшінші орынға ие болды. Бірнеше күнге созылған бұл дүбірлі додада 1995-1996 жылғы жасөспірімдер арасында алматылықтардан Расул Манапов, Исхар Хасанов, Фарух Таншанло мен Дәмір Төленов, атыраулықтардан Бақытжан Кәрімов пен Асылжан Саясатов, қаскелеңдіктер Данияр Өтепбергенов пен Жәнібек Тоқтасын, павлодарлықтар Диас Қамышкенов өз салмақтарында үздік шықты. 1993-1994 жылы туғандар арасынан атыраулық Біржан Кәрімов, Ишан Ғалиев, Бекжан Өтепов, павлодарлық Азамат Әбішев, Қуаныш Қабыдинов, астаналық Тахир Агишев, Азат Алпысбаев, алматылық Азамат Кесперов, ақтаулық Зелмхан Дурдышев, ақтөбелік Мырзатай Өтегеновтың мерейі үстем болды. Ал 1991-1992 жылы туғандар арасында павлодарлықтар Арай Әбжанов, Рауан Қалдыбаев, Әділ Тайжанов, Бернар Байтепов пен Фархат Ахметов, алматылықтардан Азамат Жекебатыров, Ерден Төлбаев, Біржан Әукенов, Абылай Тоқсейітов пен Ұлан Өтежанов, ақтаулықтардан Мансұр Дурдышев және атыраулықтардан Шыңғысхан Кенжебаев барлық қарсыластарынан басым түсіп чемпион атанды.