Алматыда муай-тайдан қаланың ашық біріншілігі өтіп жатыр

None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда тай боксынан Алматы қаласының ашық біріншілігі өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін дәстүрлі бұл бәсеке соңғы жылдары республикалық деңгейде ұйымдастырылып жүр. Оған биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен 245 спортшы қатысуда», дейді ҚР Муай-тай федерациясының вице-президенті Фархат Аманқұлов.