Бұл жайында бүгін өткен семинарда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоба Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен, ҮЕҰ-ды зерттеу және үйрету бойынша халықаралық орталығымен (ИНТРАК) бірлесе отырып, әрі Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты және «Шаңырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жоба Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы мен атыраулық «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігімен үйлестіріледі.
«Елдегі мүгедектер қауымдастығы жұртшылыққа қажетті, пайдалы жобаларды іске асыруда. Еш қиындыққа қарамастан, олардың алға жылжуы көп нәрсені аңғартады», дейді ИНТРАК жобасының Орталық Азиядағы директоры Чарльз Бакстон.
Шара аясында білім беру және оқыту курстарының шеңберінде желілік бірлестік құру, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау, мүгедектік саласындағы әлеуметтік бағдарламаларды жетілдіру және мемелкеттік аппарат органдарына ықпал ету бойынша өз дағдыларын жетілдірмек.
Наурыздың 18-21 аралығында Алматыда жаттықтырушыларға арналған семинар-трениг өтеді. Онда оларға гендерлік теңдік және мүгедектердің қоғамдағы орны мәселелері жөніндегі тренингтерді қалай өткізу керектігі туралы талқылап, тәжірибелік білім мен әдістерімен алмасады. Сонымен қатар курстарға арналған бағдарламаларды қарастырып, берілген саладағы аймақтық және халықаралық тәжірибені үйренеді.