Алматыда мүгедектер үйінің басшылары жарымжан жандардың зейнетақысын жымқырып келген

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын мүгедектер үйінің басшылары жарымжан жандардың зейнетақысын жымқырып келгендігі анықталды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Бостандық ауданының прокуратурасы «Жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын мүгедектерге арналған интернат үйі» мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізген. Прокурорлық тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Атап айтқанда, мүгедектердің зейнетақысын жымқыру дерегі бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.

«Сонымен қатар интернат қызметкерлерінің тыл еңбеккерінің құжаттарын рәсімдеуді 1,5 жылға созғаны анықталды. Соның кесірінен зейнеткер 1,5 жыл бойы зейнетақысын ала алмай келген. Сондай-ақ интернат өкілдері өз әрекеттеріне жауап бере алмайтын 9 мүгедектің өз зейнетақысын өздері алуына жол берген», - деді баспасөз қызметінен.

Қазір мекеме басшылығына аталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді.

Соңғы жаңалықтар