Кешке елімізге танымал әншілері Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Тамара Асар, Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Жанболат пен Жазира, Мирас пен Құралай, «Жігіттер», «Қоңыр», «Серілер», «Жебе», «Жасын», «До-мажор» топтары және т.б. қазақ эстрадасының белгілі әншілері қатысады.
16:12, 03 Мамыр 2011
Алматыда Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтеді
АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 14 мамыр күні екі рет сағат 15-те және 19-да Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында Қазақстанның халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтеді.