«Бұл шараны «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық филиалы мен қалалық әкімдіктің ішкі саясат пен әлеуметтік қорғау басқармасы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Басқосудың күнтәртібіне 2 мәселе қойылып отыр. Біріншісі, Елбасының «Қазақстаның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам» мақаласындағы тапсырмалардың орындалу барысы. Екіншісі, Алматы қаласындағы мүгедектік мәселесіне қоғамның оң қатынасын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарының 2012-2013 жылдарға арналған медиа-жоспарын жүзеге асыру жайы», - дейді «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанов. Оның айтуынша, бұл басқосуда «Нұр Отан» ХДП мен «Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық ұйымының «Мүгедектерді жұмыспен қамту моделдерін құру: ықпалдасқан әдіс» жобасы мен оны жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланады деп жоспарлануда. Сондай-ақ жобаға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы ұсыныстар қабылданып, қолданыстағы нормативтік-құқықтық заңнаманы жүзеге асыру тетіктерін жетілдіру мәселері қарастырылмақ.
18:39, 23 Қазан 2012
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа тарту жолдары жобасы талқыланып жатыр
АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Тіркеуде тұрған жарты миллион мүмкіндігі шектеулі жандардың 58 мыңы балалар. Бұл туралы бүгін Алматыда «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қамтамасыз ету» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.