Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар саяхатқа шықты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданы әкімдігі мүмкіндігі шектеулі адамдарды көрікті жерлеріне саяхатқа алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл акция «Қарт адамдар мен мүгедектерді қолдау айлығы» аясында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өтті.

Саяхат метрополитенге түсуден басталды. Акцияға қатысқандардың арасында жерасты жолын алғаш рет көргендер де болды.

Мүгедек жандар ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында,  Алматының тарихы мұражайында болды. Мұражайда ежелгі Алмату қонысы, патшалық Верный және кеңестік Алма-Атаның тарихымен танысты.

Шара соңында қаланы аралаған мүгедектер Панфилов көшесіндегі жаңадан ашылған жаяу жүргінші аллеясымен жүріп өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандар әкімдік өкілдеріне алғыстарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар