Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық түстігі беріледі
14:16, 21 Наурыз 2013
АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Наурыз мейрамына орай қайырымдылық түстігі беріледі.
Оған Бостандық ауданының мүгедектер қоғамының 60 мүшесі шақырылып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шараларға қатысу мүгедек жандар үшін қуанышты оқиға, өйткені әр түрлі жағдайларға байланысты олардың бәрі бірдей өз уақыттарын адамдармен қарым-қатынастар жасап, көңіл сергітіп өткізе алмайды.
Мерекелік, көктемгі және жайдарлы күй кешу көңілді сергітіп, қоғам тарапынан қамқорлықты сезінуге ықпалын тигізеді.
Іс-шараны «Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы» ҚБ және Алматы қаласының «Қамқоршы және мүгедек» ҚБ, «Аперкот» дәмханасының қолдауымен ұйымдастырды.