деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны аудан әкімшілігі ұйымдастырып отыр. Бұл шараға эпилепсиямен ауыратын балалардың құқықтарын қорғайтын «SVS NEVRO» қоғамдық ұйымы мен «Көп балалы отбасылар» одағынан 100-ге жуық балалар мен жасөспірімдер қатысуда. Олар Алматы қаласының тарихымен етене танысу үшін қала ішіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен саябақтарды аралайды.
«Әкімішілік тарапынан өткізіліп отырған дәстүрлі бұл іс-шара ерекше көңіл бөлуді қалайтын ғаріп жандардың рухани ашылуына үлкен септігін тигізеді. Өздерін қоғамнан тыс қалғандай сезінетін олардың бүгінгі қуанышында шек жоқ. Біз балалардың жазғы демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізуі үшін саяхаттар мен спорт түрлері бойынша жарыстар өткізуді де жоспарлап отырмыз», дейді Алмалы аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ләззат Мәметова.