деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны «Caspian Business Events» компаниясы ұйымдастырып отыр. Бұл шараға биыл Орталық Азия мен Еуропаның салалық сарапшылары қатыспақ. Онда мұнай өнімдерінің сапасын арттыру және ассортиментті кеңейту, мұнай өнімдерінің маркетингі, қазіргі заманғы жанар-жағар май стансысы, битумды қолдану, мұнайхимиясы өндірісін құру, экологиялық бақылау жүйесі жан-жақты сөз болады деп жоспарлануда. Бағдарламада іскерлік кездесулер, пікірсайыстар, техникалық симпозиум, дөңгелек үстел мәжілістері, конференция, көрме және «Refining Leaders Awards» сыйлығы еніп отыр.