Бұл жайлы бүгін қалалық әкімшілікте Халықаралық мұражайлар күніне орай ұйымдастырылған алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сіздердің мамандықтарыңыз барлық кезде бірдей қоғамда жоғары сұраныста болмаса да, маңызы мен қажеттілігі және мазмұны жағынан барлық кезде жоғары тұрды. Онсыз өзін мәдениетті санайтын қоғам өмір сүре де алмайды. Қалалық әкімдік мұражай қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттауды қолдайды және Елбасына заңдық негізде ұсыныс жасайды. Өйткені сіздердің еңбектеріңіз біздің әрқайсымызға да керек», дейді қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов. Республикалық және қалалық деңгейдегі әртүрлі мұражай басшылары, мұражай ардагерлері мен үздік мұражай қызметкерлеріне қала әкімінің құттықтауын жеткізген Серік Тұрарұлы оларға қала әкімінің алғысхатын табыс етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тарихы мұражайының басшысына мемлекеттік наградаға ұсынылатын мұражай қызметкерлерінің тізімін әзірлеуге тапсырма берді.