Шабуыл кезінде музей басшылығы мен қызметкерлері ғимаратты қорғап қалған. Олар бүлікшілерге басу айтып, жәдігерлерге тиіспеуін өтінген және қызметкерлер бірнеше күн бойы музейді күзеткен.
«Олар музейдің есігін сындырып кірді. Басында 6-7 адам кірген, кейін олардың саны 200-ге дейін жетті. Біз оларға бірден басу айттық. Бұл жерде құнды мұралар, олар жойылса тарихымыз жойылады, тиіспеңіздер деп ақылға шақырдық. Сасқанымнан не айтқанымды да білмеймін. Олар сөзге келді», - деді ҚР Мемлекеттік орталық музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіқарақызы телеарнаға берген сұхбатында.