деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік қуыршақ театрында болатын бұл шара «Алматы - шабыт көзі» поэтикалық кеші топтамасы аясында өтеді. Оны қалалық мәдениет басқармасының қолдауымен "Via Communications" агенттігі "Абай" халықаралық клубымен серіктесіп ұйымдастырып отыр. Кешке негізгі кейіпкерлер ретінде - ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Орынбай Жанайдаров; ақын, аудармашы - Фархат Таменаров; журналист, музыкант, авторлық әндердің алматылық байқауының Гран-при иегері Олег Белов; сазгер, музыка әрлендіруші Дален Шынтеміров және Абай атындағы опера және балет театрының әншісі Инна Садықова шақырылған.