Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетовтың еріктілер мен белсенділер есірткі қылмысымен күресте тұрақты серіктес екенін айтты.
«Қоғам заң үстемдігін насихаттап, өскелең ұрпақтың салауатты өмір сүру қағидаттарын дамытып, нығайтуға зор үлес қосқанда өте маңызды. Бір мезгілде қаланың бес ауданының тұрғын үй алқабын қамтыған науқан барысында есірткі жарнамасы бар 900-ден астам граффити жазулары жойылды. Сондай-ақ, шаһар тұрғындары арасында 1 мыңға жуық тақырыптық брошюралар таратылды», – деді ол.
Сондай-ақ, полиция аты-жөнін атамау шартымен, азаматтар есірткі сататын адамдар мен есірткі жарнамасы көрсетілген орындар туралы ақпаратты «жедел желі»: 8-705-549 -70-25 телефон нөміріне хабарлауға болатынын атап өтті.