Көрмеге мысықтардың 18 түрінен 100-ге жуығы өтініш білдірген. Олардың ішінде персиялық, мейн-кун, нева маскарады, норвег орманы, шотланд салпаңқұлағы, хайленд-фолд, бенгалдық, корниш-рекс, орыс көгілдірі, абиссиндік, сиамдық, ориенталдық, петерболд, дон және канада сфинкстері бар. Мысықтардың тек сараптамаларын өткізуге Германия мен Ресейден халықаралық дәрежедегі сарапшылар шақырылған.
Мысықтардың кәсіби конкурсынан бөлек көрме бағдарламасында ересектер мен балаларға арналған танымдық-сергіту бағдарламасы да қарастырылған. Онда көрермендер мысықтардың тектерімен танысып, ойындар, викториналар мен мысықтар қатысуындағы және солар туралы театрландырылған қойылымдар көре алады. Ал ертеңгі көрмеде декоративті қояндар мен күзендер қойылады.