«Сот бала болашақта кіммен өмір сүретінін анықтау үшін оны асырап алған адам мен туған шешесі арасында өзара келісімге келу үшін ойлануға бір апта мерзім берді. Егер тараптар өзара келісімге келсе, сот істі тоқтатады», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінде.
Соттың хабарлауынша, аталған іске қатысты келесі тыңдау 28 ақпан күні жабық режімде өтеді.
Еске сала кетейік, алматылық Гүлжан Қилыбаева асырап алған баласын алып қалу үшін оның туған анасымен соттасып жатыр. Баланың туған анасы оны екі жыл бұрын перзентханада қалдырып кеткен, алайда екі жыл өткеннен кейін, баласын қайтарып алғысы келетінін жариялаған.