деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шараға журналистика факультетінің студенттері мен БАҚ өкілдері қатысуда. Семинар барысында қалың бұқараны жоғары дәрежеде ақпараттандырудың маңыздылығы жайында сөз қозғалуда.
«Осы шараны өткізіп отырған себебіміз, еліміздің БАҚ-тарында аталмыш індет жайында толыққанды баяндап, жұртшылықты дұрыс ақпараттандыру. Біздің көптеген кәсіби журналистеріміз қатерлі дертке шалдыққандармен дұрыс тілдесіп, қатынас жасай алмайды. Оларды қоғамның керексіз бөлігі сияқты көреді. Міне осындай шаралар өткізу арқылы науқастармен сұхбаттасуда қалай тіл табысуға болатындығы жайында бағыт-бағдарлар көрсетіледі», дейді салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Эльвира Қапланова.