Алматыда нашақорлық профилактикасы жөніндегі семинар өтеді

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыда 10 қараша күні Қазақ-Британ университетінде Алмалы ауданы жастары арасындағы нашақорлық профилактикасы жөніндегі семинар өтеді.

Семинарды Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен Алматы қалалық наркологиялық орталық бірлесе ұйымдастыруда. Жиын «Алматы қаласының 2009-2011 жылдарға арналған аймақтық нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес бағдарламасын жүзеге асырудағы Алмалы ауданының іс-шаралары жоспарын» жүзеге асыру мақсатында өткізілгелі отыр.

Семинарға аудандағы жоғары және арнайы орта оқу орындарынан жалпы саны 400 жуық адам қатысады деп күтілуде.