деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл шара Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ Қауіпсіздік форумы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Ол біздің ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ынтымақтастығымыздың көрінісі. Біздің ғалымдар кейінгі жылдары НАТО-ның қолдауымен көптеген ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Аймақтық маңызы зор бұл басқосуға бүгін көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінен де ғалымдар қатысып отыр», деді ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті төрағасының орынбасары Тілеукен Ахметов. Оның айтуынша, НАТО-ның Бас хатшысының көмекшісі Жан Франсе Буре мен Ғылыми бағдарламалар директоры Крис Де Виспелаере сияқты құрметті меймандар қатысып жатыр. Сол себепті бұл шара НАТО-ның Орталық Азия елдеріндегі жобаларының ғылыми жетекшілерінің өз ұсыныс- тілектерін білдіруіне қолайлы жағдай тудырып отыр.