Алматыда наубайхана отқа оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда «Март» сауда ойын-сауық орталығы маңында орналасқан наубайхана өртенді.

«Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамнан 60 адам және 14 техника жұмылдырылды. Жалын 750 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазір өрттің орын алу себептері анықталуда» - деді Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өрте қарсы қызметі бастығының орынбасары Игорь Плахов.

Оның айтуынша, 30 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді, олардың ішінде төрт адам әр түрлі дәрежеде күйік алды. Төртеуі де қалалық ауруханаға жеткізілді.