Алмалы аудандық сотының судьясы сотталушыны ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігімен айыпты деп танып, 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
Іс материалдарына сәйкес, әйел «ЕФК» акционерлік қоғамында есепші болып жұмыс істеп жүрген кезінде 91 094 472 теңге болатын корпоративтік табыс салығын әдейі 257 397 508 теңгеге дейін өсіріп көрсеткен. Кейін арадағы айырмашылықты өз қалтасына басып қалған.
Бұдан бөлек, 2016 жылы бюджетке төленетін міндетті салық пен басқа да төлемдерді әрі компания қажеттіліктерін желеу етіп, өз картасына тағы 166 036 908 теңге аударған.
Сот процесінде сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады. Ол мұндай қадамға өзінің науқас анасын емдеу үшін барғанын айтты.