Концертті «Өмірге сен» қоғамдық қорының қамқоршысы, актер, вайнер, сценарийші Мейіржан Төребаев пен қор құрылтайшысы Сәбила Шүгелова жүргізді. Қайырымдылық шарасында Бақытгүл Бисембаева, Жанна Орынбасарова, Луина, MEZZO тобы, Кентал, Ділназ Шүгелова, НАМСОН корей ұлттық би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар «Өмірге сен» қайырымдылық қоры мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапаттайтын дәрігерлер мен демеушілер де шақырылған.
Барлық балаларға «тыныс алуға арналған қауіпсіздік жиынтығы» берілді. Дюшенн миопатиясы бар 4 балаға «Палтушев» жеке кәсіпкерлігі атынан арба сыйға тартылды. Ал Мейіржан Төребаев қол сағатын концерт хэдлайнері Артур Абаевқа сыйлады.
Автор Гүлзат Сахова