«2017 жылдың 1 ақпанында №7 қалалық клинкалық аурухананың бас дәрігері болып, Марат Шадыбайұлы Абдуллаев тағайындалды», делінген хабарламада.
М.Абдуллаевтың денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі 36 жыл. 2005-2007 жылдары Қызыл-Орда облысы Денсаулық сақтау басқарма басшысы қызметін атқарған.
Ал Абдуллаевтың орнына, яғни Орталық қалалық клиникалық ауруханасына Нұрлан Бостыбайұлы Турдалин тағайындалды.
Еске сала кетейік, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері А.Аманов қызметінен босатылды. Ол медицина қызметкерлерінің атына кір келтіріп, этикалық нормаларды бұзған.