Синоптиктердің болжамынша, көктемнің алғашқы айындағы орташа температура 5 градус болады, бұл климаттық нормадан 2 градусқа жоғары.
«Бірінші онкүндікте түнде ауа температурасының ауытқуы болды -3-8°С-тан -3 2°С-қа дейін, күндіз 4 9°С-тан 9 14°С-қа дейін.
Екінші онкүндікте ауа температурасының жоғарылауы болжануда түнде -3 2°С-тан 2 7°С-қа дейін, күндіз 9 14°С-тан 14 19°С-қа дейін. Кейін ауа температурасы түнде -7-12°С, күндіз 4 9°С дейін төмендейді.
Үшінші онкүндікте ауа температурасының жоғарылауы күтілуде түнде -2 3°С, күндіз 12 17°С дейін. Содан кейін температура төмендейді түнде -2-7°С, күндіз 7 12°C дейін төмендейді», - деді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Қисебаев.
Алматыда наурыз айының соңында күн жылынады. Ауа температурасы түнде 1 6°С, күндіз 13 18°С дейін көтеріледі.
«Осы айдағы жауын-шашын нормаға сәйкес болады деп күтілуде (норма: 76 мм). Кей күндері жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с. Наурыз айында жиі тұман түседі. Жалпы, көктемнің алғашқы айы жылы және жауын- шашынды болады деп күтілуде», - деп қорытындылады «Қазгидромет» РМК өкілі.