Атап айтқанда, «Райымбектегі кинозалда» 22 наурыз күні сағат 14.00-де «Аңшы бала» фильмі қазақ тілінде көрермен назарына ұсынылса, 25 наурыз күні «Жеңіс семсері» фильмі орыс тілінде көрсетіледі.
Осыған дейін, яғни 20-21 наурыз күндері отандық туындылар «Біржан сал» мен «Жаужүрек мың бала» фильмдерін оңтүстікастаналықтар тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болған еді, деп хабарлайды kinostan.kz.