Жаңа бастаманы Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыс басқармасы Filmation компаниясымен бірігіп Алматының 1000 жылдығын мерекелеу аясында көтеріп отыр.
«15 сәуірде 21:00 -де М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының алдында «Наурыз мейрамы» жарық шоуы өтеді. Наурыз мейрамы» жарық шоуы - аудиовизуальды шығарма, ғимараттың қабырғасында 3D-нің көмегімен жасалады. Видеомэппинг - заманауи көрнекі мультимедиалық технология. Үш құрылымды проекция мен инсталляция қабырғалар бойына қайталанбас көрініс жасайды. Шығарманың негізі - Наурыз мейрамының шығу тарихы, Ұлы дала мен Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. Қойылым барысында қлттық саз ойнап тұрады», - делінген хабарламада.