11 шілде күні Iле-Алатау тауларында күндiз кей жерлерде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 25 метрге жетпек.
Осыған байланысты, ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Үйдің терезелерін тығыз жабу қажет;
- Ағаштардың жанында тұрмаңыздар және олардың жанында көлік қоймаңыздар; - Мүмкіндігінше үйде болыңыз;
- Электр желілерінен, ағаштардан және мықты орнатылмаған құрылымдардан алшақ болыңыздар;
- Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және өміріңізге қауіп төнсе, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).