7-9 сәуір аралығында Алматы тауларында жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 20 метрге жетпек. Осыған байланысты, ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Егер найзағай кезінде сіз үйде болсаңыз, электр сымдарына, антенналарға жақындамаңыз, терезелерді жабыңыз, теледидарды, радионы және басқа да тұрмыстық электр аспаптарын өшіріңіз және металл заттарға тигізбеңіз.
- Табиғатта: жаңбырдың басталуына дейін табиғатта демалып жүрсеңіз, шатырды жақсы бекітіңіз, барлық металл заттар: ыдыс-аяқ, күрек, ара, балға, барбекюді) адамдардан 15-20 метр алыс қойыңыз, шатырға жатып, найзағайдың тоқтағанын күтіңіз.
- Егер шатыр болмаса, онда топыраққа оқшауланыңыз. Астыңызға полиэтилен, бұтақ, тас салыңыз. Тізені бүгіп, басты төмен түсіріп, аяғыңызды бірге қойыңыз, полиэтиленмен жабыңыз, өйткені дымқыл дене мен киім найзағайдың пайда болу қаупін арттырады. - Ашық далада найзағайдан құрғақ шұңқыр, арық, жартас қорғайды. Сол жерлерге тығылу керек. Алайда ол жер суға тола бастаса, дереу кету керек.
- Құмды және тасты топырақ саздан гөрі қауіпсіз екенін есте ұстаған жөн.
- Су жанында: найзағай кезінде шомылмаңыз, су қоймасына жоламаңыз, қайықта жүзбеңіз, балық ұстамаңыз.
- Егер сіз су айдынында болсаңыз және найзағайдың жақындап қалғанын көрсеңіз, дереу акваториядан шығыңыз, жағалаудан кетіңіз. Ешбір жағдайда жағалаудағы бұталарға тығылуға тырыспаңыз.
- Көлікте қалмаңыз, терезелерді жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын түсіріңіз. Қозғалысты тоқтатыңыз және биік ағаштардан алыс жерде болыңыз.
- Велосипед пен мотоцикл найзағай ойнаған кезде қауіпті. Сондықтан оларды жерге қойып, кем дегенде 30 метр қашықтыққа жылжыту керек.
- Егер көшеде болсаңыз, есіңізде болсын: найзағай аймағында жүгіруге және әбігерге түсуге болмайды, барлық металл әшекейлерді (алқа, сақина, сырғаны) шешіп алыңыз. Металл қоршаудың, болат құбырлардың, рельстердің жанында тұрмаңыз.