АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Назарбаев даңғылында орналасқан бес қабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, Назарбаев көшесіндегі 43-үйдің шатыры өртеніп жатыр.
«Өрт сөндіру бригадалары оқиға орнында жүр. Қосымша күштер мен құралдар жиналуда. Қосымша ақпарат кейінірек келеді», - деп түсіндірді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.