деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл іс-шараны Қазақстандық неміс тілі мұғалімдерінің одағы мен Алматы Гете институты ұйымдастырып отыр.
Шара барысында неміс тілінде берілетін білім деңгейін көтеру жолындағы өзекті мәселелер қаралып, дидактикалық-әдістемелік тақырыптарында дәрістер оқылып, неміс тілінің кәсіби мамандарымен тәжірибе алмасу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, мәдени бағдарлама бойынша «Берлин қабырғасының құлағанына 20 жыл» тақырыбында халықаралық қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
«Республикамыздың ең үздік мұғалімдері бас қосып отырған дәстүрлі құрылтай ұстаздардың дәріс беру әдістері бойынша тәжірибе алмасып, ынтымақтаса жұмыс істеуіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын», дейді №118 гимназияның директоры Зәуреш Бейсенбаева.
Сондай-ақ құрылтай Берлиннен келген The Incredible Herrengedeck тобының ән шашуымен қорытындыланады деп күтілуде.