Алматыда неміс зерттеулер орталығы ашылды

АЛМАТЫ. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде неміс зерттеулер орталығы ашылды.

Оған Германия тарапынан  Қазақстандағы ГФР Елшілігі мен консулдығының өкілдері, Гете институтының, Эберт атындағы қордың және  сауда-экономикалық фирмалар мен өнеркәсіп орындарының өкілдері қатысты. Ал Қазақстан жағынан  ғалымдар мен сарапшылар, неміс тілінде тереңдетілген білім берілетін орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Мұндай орталықтар бұған дейін өзге елдердің түрлі жоғары оқу орындарында ашылған болатын. Енді олардың қатарына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қосылып отыр.