АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматыда «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Харон Дадаев ұсталды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қалалық полиция департаменті азамат Д. биыл қыркүйекте ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі 4-тармағы («Алаяқтық, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен») бойынша айып тағылып, ұсталды. Қазіргі уақытта осы істің материалдары сот өндірісінің қарауында», - делінген ресми хабарламада.
Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.