Алматыда NFC 36 екінші айқасында қазақстандық жеңіске жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ММА Naiza Fighting Championship NFC 36 Қазақстан лигасының нөмірлік турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші айқаста отандық спортшылар «Мәмлүк» лақап атымен танымал Елшат Дәуіров пен Салауат Бейсенханов кездесті. Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы жекпе-жекте Дәуіров төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл – жеңіліп көрмеген Дәуіровтың кәсіби мансабындағы екінші жеңісі. Ал Бейсенханов үш рет жеңіліс тауып, бір рет қана жеңімпаз атанған. Кештің басты айқасында қазақстандық файтерлер - жеңіл салмақтағы NFC чемпионы Ильдар Құдайбергенов (4-0) пен дивизиондағы ең мықты жекпе-жек шебері Серікбай Ходжабаев (11-5) күш сынайды.