АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда күн райы бұзылып, қатты нөсер жауды. Жаңбыр суы қала көшелерін алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы әкімдігі 19:00-гі жағдай бойынша ақпарат таратты, бүгін мегаполисте 27 мм көлемінде жаңбыр жауған.
Бұл «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, бір айлық норманың 80 пайызын құрайды (тамыз айында 33 мм).
Нөсерлетіп жауған қысқа мерзімді жаңбырдың салдарынан қаланың кейбір аудандардың көшелері мен аулаларын су басты.
Жаңбыр басталғалы бері 52 мобильді бригада мен 27 мотопомба жұмылдырылды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.