Алматыда «Нұр Отан» ХДП атынан ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер С.Асфендияров атындағы медицина университеті ұстаздары және студенттерімен кездесті
09:09, 24 Желтоқсан 2011
АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Кеше кешкісін Алматыда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы атынан ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер, атап айтқанда Серік Сейдуманов, Гүлмира Есенбаева, Тұрарбек Асанов С.Асфендияров атындағы медицина университеті ұстаздарымен және студент қауымымен кездесті.
Кездесу барысында үміткерлер бейресми жағдайда болашақ дәрігерлерге саяси ұйымның сайлауалды тұғырнамасын, партияның мақсаты мен міндеттерін баяндап, ұстаздар қауымы мен жастардың ұсыныстарын тыңдады.
Кездесу соңында үміткерлер барша қауымды 15 қаңтар күні өтетін cайлауға қатысуға шақырды.