Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші бой көтерді

МАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Сенбі күні Алматыда Халық қаһарманы, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақтың ұлы сазгері, әрі дирижері Нұрғиса Тілендиевке ескерткіш орнатылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен өнер шеберлері, сонымен қатар, композитордың шәкірттері мен туған-туыстары болды.

Ескерткіштің авторы Мейірман Әзмағанбетовтың айтуынша, мүсін екі ай ішінде жасалған. "Мен ұлы тұлғаның талантына табынушылардың бірімін. Сондықтан, мүсінді ерекше бір шабытпен, бар ықыласыммен жасадым",-дейді ол.

Ескерткіште дарынды тұлғаның сахнада шабыты шалқып тұрған сәті бейнеленген.

"Дирижер етіп тұрғанда Нұрғиса ерекше рухтанып кететін. Мүсінде сол рух қатты байқалады. Ескерткіш көңілімнен шықты",-деді Нұрғиса Тілендиеваның жары Дариға Тілендиева.

Ашылу салтанатында қала әкімі ұлы сазгердің жан-жақты шеберлігін атап өтіп: "Нұрғиса Тілендиев қазақ күйлері мен әндерінің дамуына үлес қосқан өнер иесі ғана емес, ол өнердің әлемдік теориясын және тарихын терең зерттеген тұлға. Сондықтан да, оның шығармаларында ұлттық әуендер мен классикалық музыка жақсы үйлесім тапқан. Оның музыкалық туындыларына көптеген шетелдік мамандар таңдай қағатын. Нұрғиса Тілендиевтің мұраларын сөзбен өлшеп, санау мүмкін емес. Ол қазақ музыкасын жаңа, жоғарғы-биік деңгейге көтерді",-деді.

Дарынды сазгер Нұрғиса Тілендиев (1925-1998)- қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызыкалық төл туындылардың авторы.