деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласының әкімдігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, «МТ Sport presentation» ЖШС және Алматы қаласының Альпинизм мен шыңға шығу федерациясы. Спорттық шаралар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналады.
«Нұрсұлтан» шыңына құрамында спорт топтары бар Алматы қаласының альпинистері бір мезгілде төрт бағыт 2А, 2Б, 3Б, 4А санаттары бойынша көтерілетін болады. Ал,«Вертикальный километр» деп аталатын шыңға өрмелеу жарысына қала тұрғындары қатыса алады. 5 сынып бойынша өтетін сайысқа 15 жастан асқан кез-келген тұрғын қатысуына болады.
Жарыс қорытындысы бойынша жолды жылдам өткендер жүлдегер деп танылады. Сонымен қатар жарыста ең жас және ең ересек аталымдары бойынша да жеңімпаздар анықталады. Жарысқа қатысушылардың барлығына сертификаттар мен төсбелгілер, ал жеңімпаздарға грамоталар, медальдар, демеушілердің арнайы сыйлықтары беріледі.
Жарысқа қатысушыларды тіркеу мен жіберу 3 шілдеде сағат 7.30 дан 9.00 аралығында өтеді. Толық ақпараттарды www.mtsport.kz сайтынан алуға болады.